КТК: Қазақстан жаңалықтары 03.08.2022

Загрузка...

Спасибо! Поделитесь с друзьями!

Вам не понравилось видео. Спасибо за то что поделились своим мнением!

Добавлено от
54 Просмотры
Жүргізуші: Мадина Балғабаева (Instagram: @madinabalgabayeva)

ЖОСПАР ЖЕТЕДІ
Қазақстан бірінші атом электр станциясының бастай алмай жатып, екіншісінің құрылысын жоспарлап қойды. Алғашқы АЭСтің жұмысын жолға қоятын мамандар табылмай жатқанда, екіншісінің салынатын орнын да белгілеп қойыпты.

КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ
Атырау облысы әкімінің атышулы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты соттың алғашқы отырысы басталмай жатып аяқталды. Бюджет қаражатын жымқырды деген айып 8 айдан бері тергеу абақтысында отырған экс-шенеуніктің көңіл-күйі жайдары.

"ЕСТІМЕЙТІН" БИЛІК
Жамбыл облысында есту қабілеті бұзылған балалардың құлаққа арналған аппараттарының жаңартылмағанына бес жылдан асқан. Ал жергілікті билік жарымжан жеткіншектерге дыбыс ұлғайтатын құрылғыны жеткізуі үшін биыл да тендер өткізбепті.

ЫРЫҚҚА КӨНБЕЙДІ
Шындыққа жанаспайтын статистика. Құрылыс материалдары 20 пайызға қымабаттады деген ресми дерек баспанасын бірнеше жылдап тұрғызып бітіре алмай жатқан жұрттың ашуын тудырды.

#ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары

Написать комментарий

Комментарии

Комментариев нет.